RU

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жек алдындағы соңғы көз түйістіруі қалай өтті? (фото)

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегіне бірнеше сағат қалды. Боксшылар соңғы рет салмақ өлшеуге қатысып, көз түйістірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин мен Мартиросян
Головкин мен Мартиросян: UGC

Енді қарсыластар рингте кездесетін болады.

Соңғы рет салмағын өлшеген кезде Головкиннің салмағы 160 фунтқа (шамамен 72,5 кг) болған. Ал Ванес Мартиросян болса 159,6 фунтқа (72,3 кг) тең болған. Спортшылардың салмағы тиісті салмақ категориясына сацй келген.

Еске салсақ, бүгін, 5 мамыр күні Калифорнияда Головкин-Мартиросян жекпе-жегі өтпек. Бұл кеш өте қызықты болып өтеді деген болжам жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730407-golovkin-men-martirosanny-zekpe-zek-aldyndagy-sogy-kz-tjistirui-kalaj-tti-foto.html