RU

Талдықорғанда аяқ асты өртенген моншада қалып қойғандар әрең қашып шықты (видео)

Талдықорғанда элиталы сауналардың бірі өртеніп кетті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Талдықорғанда аяқ-асты өртеніп кеткен моншада қалып қойғандар одан қашып шықты (фото, видео)
Талдықорғанда аяқ-асты өртеніп кеткен моншада қалып қойғандар одан қашып шықты (фото, видео): UGC

Өрт кеше кешкі сағат 7-лер шамасында саунаның шатырынан шыққан. Куәгерлердің айтуынша, тілсіз жау тұтанғанда нысанның ішінде шамамен 10 адам болыпты.

Абырой болғанда, саунаның ішінде жуынып жатқан адамдар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тілсіз жауды бір сағатта әрең ауыздықтаған. Ал оттың тұтануына электр сымдарының тұйықталуы себеп екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730410-taldykorganda-aak-asty-rtengen-monsada-kalyp-kojgandar-re-kasyp-sykty-video.html