Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай тағамның бала көтеруге кедергі болатыны анықталды

Опубликовано:

Фастфуд пен майлы тамақты көп жейтін әйелдердің өзгелермен салыстырғанда бедеулікке шалдығуы екі есе жиі кездеседі. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр, деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қандай тағамның бала көтеруге кедергі болатыны анықталды
Қандай тағамның бала көтеруге кедергі болатыны анықталды: UGC
"Біздің зерттеу көрсеткендей, фастфудтың құрамындағы заттар аналық ұрыққа еніп, оның жұмысын өзгерте алатындықтан, әйелдер бедеулікке шалдығуы мүмкін. Осыған қоса майлар, қант пен тұз метаболизмге әсер етіп, жыныс мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді", — деп мәлім етті Австралиядағы Аделаида университетінің ғалымы Клэр Робертс.

Дәрігерлер "бедеулік індетінің" таралуына қазіргі заманғы феномен — фастфуд мәдениетінің де ықпал етуі мүмкін екенін айтып отыр.

Сәбилі болуды жоспарлап жүрген 6 мың әйелдің денсаулығына жүргізген бақылаудың нәтижесі бойынша осындай қорытындыға келген.

Ал әйелдердің бойына бала біткеннен кейін Робертс бастаған мамандар зерттеу нәтижелерін салыстырып, бедеуліктің дамуына қандай факторлар көбірек ықпал еткенін анықтамақ болады.

Белгілі болғандай, бала көтеруге жеміс-жидек пен фастфуд елеулі әсер етеді екен. Мәселен, күнде жеміс-жидек жеген әйелдер тек 4 пайыз жағдайда ғана бедеу болса, жеміс-жидекке әуес емес қыздар арасында бұл көрсеткіш 12 пайызға жетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1730417-kandaj-tagamny-bala-kteruge-kedergi-bolatyny-anyktaldy/

pixel