RU
Найзағай соққан футболшы ес жимастан мерт болды
Жаңалықтар Әлемде

Найзағай соққан футболшы ес жимастан мерт болды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Африкалық футболшы Луанда Нцхангасе найзағай соққаннан кейін екі ай жатып, ес жимастан мерт болды. Бұл туралы Life.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Спортшы ұзақ уақыт бойы комада жатқан.Оның өлімі туралы қаралы хабарды "Марицбург Юнайтед" футбол командасы растады.

"Біз Луанданың қазасына қатты қайғырып отырмыз. Ол өте талантты футболшы болатын", - деп жазылған футбол клубының Facebook парақшасында.

21 жастағы Нцхангаспен бірге тағы екі спортшы 1 наурыз күні футбол ойнап жүріп, найзағай соққысына ілінген. Нцхангасені ауруханаға жеткізіп, жасанды комаға қосады. Алайда екі ай өткен соң ол қайтыс болды.

Ал басқа екі спортшы жеңіл жарақаттармен құтылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel