RU
Туған анасын 42 жылдан соң тапқан әйел жүрек елжіретер оқиғасымен бөлісті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Туған анасын 42 жылдан соң тапқан әйел жүрек елжіретер оқиғасымен бөлісті (фото)

Рассказать Вконтакте

Жезқазғанда 42 жасқа келіп, өзінің туған анасымен қауышқан әйел жүрек елжіретер оқиғасымен бөлісті. Вита Жакубаеваны дүние есігін ашқан күні перзентханада тастап кеткен екен деп жазады NUR.KZ порталы.

Вита Жакубаева асырап алғанға дейінгі сурет

Вита Жакубаева асырап алғанға дейінгі сурет

Вита Жакубаеваның анасы Светлана Дзябко медициналық оқу орнын бітірген соң, Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданына екі жылдық тәжірибеден өтуге барады. Онда бойжеткен бір жігітті (Виканың биологиялық әкесін) жолықтырады. Жастар бір-бірін сүйіп, бақытты күн кешіп жүргенде азаматты әскерге алып кеткен.

Вита Жакубаева асырап алған анасымен. Фото: NUR.KZ

Вита Жакубаева асырап алған анасымен. Фото: NUR.KZ

Светланаға жігіті екі ай бойы мүлдем хабарласпай кеткен соң, әйел өзінің жүкті екенін біледі.

Светлана декреттік демалысқа шығып, Жазқазғандағы өгей әкесіне келеді. Себебі оның анасы балаларын өгей әкесіне тастап, өзі жас жігітпен кетіп қалған көрінеді. Өгей әкесі Светланаға өзімен бірге тұруға рұқсат еткен. Бірақ, "баладан бас тартасың" деп бірден кесіп айтыпты.

Вита дүниеге келген соң, 4,5 жасында оны бір отбасы асырап алады. Санитар әйел Вера Лисняк пен ағаш ұстасы Хамза Хасенов 30 жастан асса да бала сүйе алмапты. Алайда асыранды қыз мектепке барғанша өзінің тастанды бала екенін білмепті. Оның сыныптастары үлкендерден естіп қалған әңгімесін Викаға айтып, бар шындықтың беті ашылыпты.

Хамза Хасенова (сол жағында). Фото: NUR.KZ

Хамза Хасенов (сол жағында). Фото: NUR.KZ

20 жасында Вита Жакубаева тұрмысқа шығып, үш бала туады. Оның кенжесі 4,5 жасқа келгенде күйеуі тастап кеткен көрінеді. Осыған қарамастан, жалғызбасты әйел бірнеше жерде жұмыс істеп, балалаларын өзі асырап өсірген. Витаның анасы (асырап алған әйел) қолынан келгенше оған көмек көрсетіп отырыпты.

2014 жылы Витаның кенже қызы өзінің биологиялық әжесін іздеп табу үшін "Жди меня" бағдарламасына барады. Бірақ одан түк шықпайды. 2016 жылдың қыркүйек айында іздеуді қайта бастап, Дарья Савченко деген әйел оның нағашы әпкесі Татьяна Дзябконы іздеп жүргенін анықтайды.

Вита Жакубаева қыздарымен. Фото: NUR.KZ

Вита Жакубаева қыздарымен. Фото: NUR.KZ

Вита Жакубаева Қостанай облысындағы Рудный қаласы, Тобыл ауылына барады. Онда өзінің сіңлісі Дарьяны көріп, тағы да Любовь мен Александр атты бауырлары барын білген.

Іздеуді бастап, Витаның туған анасын табуға атсалысқан қызы Гүлназ Төлеубекова оған шексіз алғысын жеткізді.

Вита Жакубаева қызымен және биологиялық анасымен. Фото: NUR.KZ

Вита Жакубаева қызымен және биологиялық анасымен. Фото: NUR.KZ

Витаның балалары оның оқиғасын білгендіктен, балалар үйіне жиі барып, шамасы келгенше жетімдерге қол ұшын беріп тұрады екен.

Сонымен, 42 жылдан кейін белгілі болғандай, Витаның анасы оны перзентханада қалдырып кеткенде, тіпті есімін де қоймапты.

Вита Жакубаеваның қызы Алмагүл. Фото: NUR.KZ

Вита Жакубаеваның қызы Алмагүл. Фото: NUR.KZ

"Мен өзімнің биологиялық ата-анамды іздеуге онша ықылас танытпадым. Мені туған әйелдің бала-шағасы мен туралы білмеген екен. Ол өлер алдында бар шындықты айтар едім дейді.

Өзімнің 4,5 жыл жетім қыз болып өмір сүргенім есімде жоқ. Мүмкін мені асырап алған адамдардың шексіз махаббаты оны ұмыттырып жіберген шығар. Менің туған анамды табуымды асырап алған анам қатты қалады. Сол үшін келістім", - дейді Вита.

Қазір Вита Жакубаева Жезқазған қаласындағы №4 мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
7
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір