RU
"Бәрін көру керек": Сиви Махмуди төсіне ота жасатқан Луинаны қолдап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бәрін көру керек": Сиви Махмуди төсіне ота жасатқан Луинаны қолдап шықты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше жаңа клипінің тұсауын кескен Луина отандық шоу-бизнестің басын қосқан болатын. Әншінің қуанышына ортақтасып келген танымал жандар кеш иесінің тың туындысынан гөрі омырауына жасатқан отасын қызу талқыға салды. Жұлдыздар бас қосқан шараға NUR.KZ тілшісі де қатысып қайтқан болатын.

Луина

Луина

«Негізінде Луина бізбен ақылдасқан жоқ. Өзі кез-келген уақытта шешім қабылдайды. Өзіміз байқаған да жоқпыз, білген де жоқпыз. Инстаграмнан білдік.

Бірақ адам өмірге келген соң, кемшіліксіз болмайды. Дәл қазір косметология жағы болсын, медицина жағы болсын, көп нәрсені түзеуге болады. Егер кемістікті көріп жатсаң неге түзетпеске..?

Менің оған қарсылығым жоқ! Мен осы уақытқа дейін ешнәрсе жасатқан емеспін. Бәрі дұрыс, орынында деп ойлаймын. (күледі) бірақ сән саласында жүргеннен кейін, көп ойлар келеді. Мына жер ұнамай қалады, мына мүшең ұнамайды деген сияқты. Мүмкін операция туралы 10 жылдан кейін ойланып көрермін!», - дейді Айдай Исаева.

«Домино» тобының әншісі Шолпан пластикалық отаны жасатып, оны дүйім жұртқа жар салудың қажеті жоқтығын айтады.

«Мен шынымды айтсам ота жасатсам, жасыратын едім. Барлығына айта бермес едім. Луина батылдық жасады. Ол ештеңеден қорықпайды. Батылдығы жүз пайызға жетеді. «Мен пластикалық отаға қарсы болғанмын. Бірақ анда-санда мен де операция жасатсам ба?», - деген ойлар келіп тұрады. Ертең не боларын білмеймін. Ота жасату жайлы ойлап жүрген жоқпын», - дейді «Домино» тобының әншісі Шолпан Бейсенова.

Омырауына ота жасатқан Луинаны қолдап, әрекетін оң бағалағандардың қатарында Сиви Махмуди де бар.

«Жас әрі басы бос! Жас кезде бәрін көру керек. Өзі қатты қалап тұрса, неге жасамасқа..? Бірақ қыздардың басты үрейі болашақ ана, кейін омырауымен баласын емізеді. Емізе алам ба деген сияқты қорқыныш болады ғой. Қазір бәрі заманауи, керемет дамыған.
Ота жасатып тұрмысқа шығып, сол баласын емізсе болады. Бірақ мен жасатпаймын. Өзімдікі өзіме ұнайды. Ешнәрсе өзгерткім келмейді. Наркоздан қорқамын. Оның кесірі көп. Мен онсыз да наркоз арқылы дүниеге сәби әкеліп жүрмін. Сондықтан менің артық наркоз алғым келмейді», - дейді Сиви Махмуди.

Луинаның пластикалық отасынан нәзік жандылармен қатар, отандық шоу-бизнестегі ер азаматтар да хабардар. Өзара қызу талқыға салған олар бикештің бұл қадамын хайпқа балайды.

«Жаңа ғана естідім. Осы жерге келіп білдім. Не дерімді де білмей тұрмын. Дұрыс немесе бұрыс деп айта алмаймын. Бір жағынан әдемі болу үшін дұрыс шығар. Бірақ осылай реалити-шоу жасап, айғайлап жасау хайптың бір түрі негізі. Мен сол 50 жасқа келгенде бет-әлбетіме ота жасатсам, мен де реалити-шоу жасайтын шығармын (күледі)», - дейді продюсер Жан Мұқанов.

«Менің ойымша әр адам өзінің өміріне қатысты сұрақтарды өзі шешеді. Сондықтан менің Луинаға сын айтуға құқым жоқ деп санаймын. Және де басқа адамдардың да айтуға құқы жоқ.

Пластикалық операция туралы тақырып менің өмірімде ешқашан болмаған. Ондай сұрақ та туылмады. Біреулер жақсы дейді, біреулер жаман дейді. Егер адамның басы істейтін болса, өзіне жаман нәрсе таңдамайды деп ойлаймын», - дейді «Ринго» тобының әншісі Данияр Өтеген.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын кеудесін үлкейту мақсатында арнайы ота жасатқан Луина әлеуметтік желі арқылы оқырмандарынан өзі сүйінші сұраған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір