RU

Астанада парад өтетін алаңның ескерктіштері мүжіліп, тастары шашылып жатыр (фото)

Астанада 7 мамыр күні жыл сайын өтетін парад алаңында орналасқан ескерткіштердің жағдайы мүшкіл. Жәдігерлердің тастары шағылып, алаңдағы ағаш орындықтар сынып жатыр. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Парад өтетін алаң жолдары тақтайдай тегіс болғанымен, қарсы бетте орналасқан ескерткіштер мен демалыс саябағының жағдайы мүшкіл.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мәселен, тұрғындарға демалуға арналған мына ағаш орындықтар күн мен суға желініп, қирап жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал бас алаңның сәнін келтіріп тұрған "Қазақ елі монументінен" мін байқалмағанымен, оның дәл жанындағы қақпаның (авт. арка) ақ мәрмәр тастарының құлап қалған тұстарын көруге болады. Олардың арасында мынадай саңылаулар да бар.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ескерткіш жанындағы ақ қақпа тегіс қоршалған. Алайда Астанадағы желдің қаттылығы соншалық, қоршаған темірлердің өзі құлап жатыр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Арка артында биіктігі 4 метрге жуықтайтын, 11 адамнан құралған қола мүсіндер бар. Жәдігерлердің "өн бойы" бұзылмағанымен, ескерткіш тұрған тақтаның тастары мүжіліп қалған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Жәдігер айналасындағы баспалдақтардың сиқы тіптен мүшкіл: тақталар сынып, шашылып қалған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Өкініштісі, мұндай көрініс ескерткіш маңындағы баспалдақтардың әр жерінен байқалады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал баспалдақтардың ең төменгі сатысы құлаудың аз-ақ алдында тұр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ескерткіштен ары "Шабыт" өнер институтына бет алған сәтте, тағы да қираған баспалдақтардың куәсі боласыз.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сорақысы сол, алаңдағы тұрғындарға арналған жол жиектерінің де тақтайлары сынған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Алаңдағы тас жолының да кейпі дәл сондай: бетон тақташалар әр жерден бөлініп, сынып кеткен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Тұрғындардың сөзіне сенсек, бұл бас алаң үшін қалыпты жағдай екен. Айтуларынша жыл сайын қалың қар мен қытымыр қыстан кейін, Астананың әр алаңы мен ауласы дәл осындай "сұрықсыз" кейіпке енеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730438-astanada-parad-tetin-alany-eskerktisteri-mzilip-tastary-sasylyp-zatyr-foto.html