RU

Алматы институтын бітірген азамат Қырғызстанда министр болды

Алматы медициналық жоғары оқу орнының түлегі Космосбек Чолпонбаев 2018 жылдың 20 сәуірінде Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы институтын бітірген азамат Қырғызстанда министр болды
Алматы институтын бітірген азамат Қырғызстанда министр болды: UGC

Космосбек Чолпонбаев 1985 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының фармацевтика факультетін "Фармация" мамандығы бойынша үздік бітірген (1980-1985 жж.).

Ол бұрынғы Қырғыз тау-металлургиялық институтының фармацевтикалық, аналитикалық және органикалық химия кафедрасында дәріс берген, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек және медициналық техника басқармасының бастығы болып, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық техника департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған, сондай-ақ, Қырғызстан Фармацевтикалық одағын басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730440-almaty-institutyn-bitirgen-azamat-kyrgyzstanda-ministr-boldy.html