RU
Павлодарда екі әйел соғыс ардагерінің 600 мың теңгесін қолды қылған
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда екі әйел соғыс ардагерінің 600 мың теңгесін қолды қылған

Рассказать Вконтакте

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Янченко өзін тонап кеткен адамдарды жазалауды талап етуде. Екі әйел қарияның пәтеріне кіріп, 600 мың теңгені ұрлап кеткен деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда екі әйел соғыс ардагерінің 600 мың теңгесін қолды қылған

Көрнекі фото

Өткен жылы болған жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалған, кейін тоқтатылып, қайта жанданған. Ардагердің жолдасы, тыл еңбеккері Любовь Янченкоға прокуратураның көмегіне жүгінуге де тура келіпті. Әзірге іс сотқа жіберілген жоқ.

«Қарттарды алдап соғып, тонаған адамдарға кешіріммен қарауға болмайды. Олар сазайларын тарту керек. Бұл жайтқа бейжай қарауға болмайды. Бізді тонағандарды көршілеріміз жақсы танып, үйімізге келгенін растап отыр», - дейді 87 жастағы Любовь Янченко.

600 мың теңгені қолды қылған қос азаматша анасы мен қызы болуы мүмкін. Олар көршілерін іздеп, Любовь апайдың үйіне келіп, шай ішкен. Соғыс ардагерінің жұбайының айтуынша, қонақтардың бірі бөлмеге кіріп, ақшаны ұрлаған. Қарттар үлкен соманың жоқтығын екінші күні байқап, ішкі істер органдарына хабарлапты.

Десе де, екі әйел кінәларын мойындаудан бас тартып отыр.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір