RU
Астанада жедел-жәрдем қызметкерін белгісіз полковник сабап тастады (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада жедел-жәрдем қызметкерін белгісіз полковник сабап тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Астана қалалық жедел жәрдем бөлімінің фельдшері Мейрамбек Мамытов қызметін атқару барысында басынан ауыр соққы алды. Науқастың шақыруымен барған жедел жәрдем қызметкері күтпеген жерден тепкінің астында қалған. NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне жәбірленушінің өзі хабарласып, болған жайды айтып берді.

Жәбірленуші Мейрамбек Мамытов. Фото: Facebook. Коллаж: NUR.KZ

Фельдшер

Оқиға осыдан бір апта бұрын болған. Фельдшердің айтуынша, жедел жәрдем бөліміне Әзірет Сұлтан мешіті маңынан қоңырау түседі. Дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне науқастың өзі доқ көрсете бастапты.

«Бізге сіңірі тартылып, ауырып жатқан адамнан қоңырау түскен соң, тез арада келдік. Алайда, науқас келген беттен бізді балағаттай бастады. Алдымен әріптесіме «дипломды сатып алғансыңдар, қазақ емессіңдер» деп қол жұмсамақ болды. Әріптесім қыз бала болғандықтан, оны қорғамақ болып, дереу ортаға түстім. Алайда, науқас маған ауыр үш соққы жұмсады. Осыдан соң жерге құлап түстім. Жерде құлап жатқанымда басымнан тағы тепкіледі. Одан кейінгісі есімде жоқ», - дейді фельдшер Мейрамбек Мамытов.

Мейрамбек өзін аяусыз ұрған адамның аты-жөнін білмейді. Бар білетіні – науқас Алматыдан Астанаға тойға келген 1959 жылғы полковник екен.

Зейнеттегі полковник үш күн бойы тоқтаусыз ішімдік пайдаланған деген деректі де құлағы шалыпты.

Сол арада полиция қызметкерлерін шақырғанымен, полковникті бар-жоғы үш сағаттан соң босатып жібереді.

«Әйелінің айтуынша, маған қол жұмсаған полковник эпилепсияға шалдыққан. Полковник болған соң, біздің ештеңе істей алмайтынымызды да ескертті. Әрине, жасы үлкен адам. Дерті де бар екен. Бірақ мұның барлығы полковниктің маған еш себепсіз қол көтеріп, тепкіге салғанын ақтап алмайды. Жеңіл дәрежедегі мидың шайқалуы диагнозымен бес күн ауруханада жатып шақтым. Қазір жас болған соң, көп біліне бермес. Алайда, уақыт өте келе бұл соққы менің денсаулығыма қауіп төндіретінін дәрігер ретінде жақсы білемін», - дейді Мейрамбек.

Мейрамбек Мамытов өзіне еш себепсіз соққы жұмсаған полковниктің үстінен полицияға арыз түсірді. Алайда, арыз түскеніне бірнеше күн өтсе де Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ қызметкерлерінен еш жауап жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
6
4
7
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel