RU

АҚШ тұрғыны "жалаңаш Трамп" үшін қыруар ақша төлеген (фото)

Julien’s Auctions аукционына қойылған Дональд Трамптың жалаңаш мүсінін сатып алған тұрғын 28 мың долларын сарп етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың мүсіні. Фото: Oxu.Az
Трамптың мүсіні. Фото: Oxu.Az: UGC

Мүсінді тележүргізуші Зак Баганс (Zak Bagans) сатып алған. Ол аукционда Трамптың жалаңаш мүсініне 28 мың долларын бере салды.

Айта кетсек, 2016 жылдың қазанында да Трамптың жалаңаш мүсіні аукционда сұранысқа ие болған. Ол кезде мүсін 22 мың долларға сатылыпты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730460-aks-trgyny-zalaas-tramp-sin-kyruar-aksa-tlegen-foto.html