RU

Головкин мен Мартиросянның қанша табыс табатыны белгілі болды

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) алдағы жекпе-жек үшін алатын кепілдендірілген соманы жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Головкин мен Мартиросянның қанша табыс табатыны белгілі болды
Головкин мен Мартиросянның қанша табыс табатыны белгілі болды: UGC
"Сенбіге кепілдендірілген гонорар: Геннадий Головкин — 1 миллион доллар, Ванес Мартиросян — 225 мың доллар", — деп жазды Пагмайр твиттерде.

Бұдан бұрын осы басылым Головкин бұл жекпе-жектен тұтастай алғанда 2 миллион долларға жетер-жетпес қаржы табады деп жазған болатын.

Ал USA Today қазақстандық боксшы 2-3 миллион доллар кіріс келтіреді деп болжады.

Головкин — Мартиросян жекпе-жегі 5 мамыр күні (Қазақстанда – 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат 09:00) Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730462-golovkin-men-martirosanny-kansa-tabys-tabatyny-belgili-boldy.html