Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада парк ішіне қойылған маймыл мүсіні елдің ашуына тиді (фото)

Опубликовано:

Қызылорда қалалық демалыс паркінде орналастырылған батуттардың тіреуі елдің ашуын келтірді. Үрлемелі маймылдың басқа жерден шыққан тіреуін көрген тұрғындар өз наразылығын айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қызылорда демалыс паркі 1 мамыр күні ашылып, ішіне түрлі үрлемелі шарлар мен аттракциондар әкелінген. Алайда жаңадан алып келген үрлемелі шардың бірі тұрғындардың қызу талқысына түсті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Үрлемелі қара маймылды ақ түсті тіреуішпен тіреп қойғанына бірі парк басшылығын кінәласа, бірі бұл Қытайдың дүниесі екенін алға тартуда.

"Мынау масқара ғой. Осы жерге балаларымызды алып келеміз. Тіпті не айтарымды да білмеймін. Басшылық орналастырғанда қайда қарағанын", - деді қала тұрғыны Майра.

Куәгерлердің айтуынша, бұл үрлемелі маймылды көп ұзамай демалыс паркінен алып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730463-kyzylordada-park-isine-kojylgan-majmyl-msini-eldi-asuyna-tidi-foto/

pixel