RU
Астанада аударылған батуттан зардап шеккен сәбилердің диагнозы белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада аударылған батуттан зардап шеккен сәбилердің диагнозы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Елордада қатты соққан жел салдарынан сауда орталығындағы батут аударылып, бес бала жарақат алды. Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімемдеуінше, №2 қалалық ауруханаға жеткізілген балақайларға алдын ала диагноздары қойылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz

Аударылған батут ішінен құлап түсіп жарақаттанған бес балаға дәрігерлер қойған диагноздар мынадай болды:

1) 2011 ж. д/з "Политравма";

2) 2014 ж. д/з "Политравма";

3) 2012 ж. д/з "жабық БМЖ, мидың шайқалуы";

1) 2011 г.р. д/з "жабық БМЖ, мидың шайқалуы, оң жақ самай сүйегінің гематомасы";

2) 2010 г.р. д/з "Оң жақ білек тізбектерінің сіңір созылуы, сол жақ жіліншік жарақаты".

Астанадағы №2 қалалық ауруханаға 2011 мен 2014 жыл аралығындағы екі ұл бала мен үш қыз жеткізілген. Олардың ішіндегі бір қыз бен бір ұл бір үйдің балалары болып шықты.

Зардап шеккендер арасындағы ең кішісі үш жарым жаста.

Айта кетейік, елордадағы Жаннұр сауда орталығындағы батутты жел ұшырып әкетіп, оның аударылуы кезінде ішінде ойнап жүрген балақайлар құлап қалған. Оқиға орнында қазіргі таңда тәртіп сақшылары мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel