RU
Новости русской службы Би-би-си

Желі жұлдызы президенттік сайлауда Ердоғанның қарсыласы атанбақ

Түркияның ең ірі оппозициялық партиясы президенттік сайлауға үміткер ретінде желі жұлдызы Мухаррем Инджені ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Русская служба Би-би-сиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Индже. Фото: AFP
Индже. Фото: AFP: UGC

Түркияда 24 маусым күні президенттік сайлау өтеді. Сайлауда Ердоғанның басты қарсыластарының бірі Индже болмақ. Ол 2002 жылдан бастап Түркия парламентінің мүшесі атанған.

Депутат атанған Индже білім саласында бірқатар заңнамалар құрып, Ердоғанның консервативті партиясы ұсынған реформаларды сынға алады.

Ол сонымен қатар Ердоғанның балаларын АҚШ-қа оқуға жібергенін де сынап үлгерген. 2009 жылы Индже бюджет тақырыбындағы талқылауларда сөз сөйлеп, желі жұлдызына айналған болатын.

Оның видоесы желіде бірнеше миллион қаралым жинаған. Индже сөз сөйлеу кезінде білім саласындағы жемқорлықты, арнайы қызметтің шектен тыс өкілеттігі мен кедейлік мәселесін қозғаған.

Индже сайлауда жеңген жағдайда Ердоған салған аста-төк сарайды сатылымға қоятынын мәлімдеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730474-zeli-zldyzy-prezidenttik-sajlauda-erdoganny-karsylasy-atanbak.html