RU
Желмен аударылған батутта жарақат алған бүлдіршін комаға түсіп қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Желмен аударылған батутта жарақат алған бүлдіршін комаға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада желдің әсерінен аударылып қалған батутта зардап шеккен ең кішкентай қыз Көркем. 3 жастан асқан бүлдіршін әлі есін жимастан, комада жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісіне қыздың анасы Зәуре айтып берді.

Көрнекі фото: blogger-inform.com.ua

Көрнекі фото: blogger-inform.com.ua

Еске салсақ, 4 мамыр күні сағат 16:48-де Астанада батут аударылып қалған болатын. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті берген мәліметтерге сәйкес, ойын алаңшасы бекітілген жерінен 20 метр қашықтыққа ұшып кеткен.

Жедел-жәрдем қызметкерлері 7 минуттың ішінде оқиға орнына келіп, зардап шеккен бес бала - екі ұл мен үш қызды ауруханаға жеткізген. Олар түрлі дене жарақаттарын алған.

Сол балалардың ішінде болған Көркем атты қыз қыркүйек айында төрт жасқа толады екен. Анасы сәбидің сауығып кетуін күтіп, күндіз-түні аурухана қабырғасын күзетіп жүр.

"Қызым әлі комада", - дейді әйел. Оның айтуынша, сәбидің бас миы мен көкірек тұсы зақымданған. Сондықтан ол әлі өздігінен тыныс ала алмайды екен.

Астанадағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, төрт бала анестезиология және белсенді терапия бөлімінде жатыр.

"Олардың жағдайы ауыр, 1 бала нейрохирургия бөліміне ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
14
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel