Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар ең қауіпсіз әрі тиімді диета түрін анықтады

Опубликовано:

Әлемнің үздік ғалымдары мен америкалық диетологтар бірлесе отырып зерттеу жүргізіп, тез әрі тиімді арықтау жолдарын іздестірді. Нәтижесінде мамандар аз уақыт аралығында тез салмақ тастауға мүмкіндік беретін екі диета түрін анықтады деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Жазға қарсы арықтай алмай өзін аштықпен қинаған бойжеткендерге келелі кеңес.

Әлемнің ең үздік ғалымдары мен диетолог мамандар ең тиімді әрі қауіпсіз келетін екі диетаны анықтады. Олар:

  • вегетериандық
  • жерортатеңіздік диеталар болып шықты.

Ғылыми зерттеу нәтижелері әйгілі ғылыми басылым беттерінде жарық көрді.

Мамандар ұсынған диеталар артық салмақтан арылтып қана қоймай, адам организмін тазартуға да өз септігін тигізеді.

Жерортатеңіздік диета Испания, Греция және Оңтүстік Италияда аса кең таралған. Бұл елдерде жерортатеңіздік диетасы ең тиімді деп саналғанымен вегетериандық түрі де одан еш қалыспаса керек. Екі диета да арықтаудың аса оңтайлы әрі қауіпсіз түрі болып есептелді.

Ғалымдардың зерттеу жұмысына артық салмағы бар 100 шақты адам қатысқан. Олар алдымен жарты жыл бойы жерортатеңіздік диетаға отырып, артынша вегетериандық түріне көшкен.

Нәтижесінде адамдардың екі диета көмегімен тастаған салмақ мөлшерінің көрсеткіші өзара ұқсас болған. Орташа есеппен алғанда бірінші диетада 1,77 келі тастаса, екінші вегетериандық диетамен 1,88 келі салмақты еңсерген.

Оған қоса ғалымдар ұсынған диеталар адамдар денсаулығына да елеулі пайдасын әкелді. Мәселен вегетериандық азық-түліктер қан құрамындағы холестериннің азаюына септігін тигізсе, жерортатеңізді диета май қышқылдарына әсер етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1730480-galymdar-e-kauipsiz-ri-tiimdi-dieta-trin-anyktady/

pixel