Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп кезінен бастап жездесімен төсектес болған қыз жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Кішкентай кезінен бастап туған жездесімен төсектес болып, бүгінде жасы он сегізге келген ару алдағы өміріне алаңдайтынын жеткізді. Айтуынша, жездесі оны қорқытып, "өзге жігіттерді жаныңа жолатпа" деп айтады екен. Бұл туралы el.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Басылымның мәліметінше, бойжеткен небәрі 6сыныпта оқығанда әпкесінің үйіне жазғы демалысқа қонаққа барған екен. Әпкесі түнгі кезекшілікке жұмысқа кеткен уақытта, жездесі келіп, балдызымен төсектес болып қойған.

Содан бері туысы осындай сорақы әрекетін бірнеше жыл бойы жалғастырып келіпті.

"Қазір жасым он сегізде, жездем әлі де менімен байланысын үзгісі жоқ. Ал мен өзім қатарыммен үй болып, бақытты жанұя болғым келеді. Бала сүйгім келеді. Әйтеуір осы уақытқа дейін аяғым ауырлап қалмай жүргеніне таң қаламын. Кейде ойланамын, осы мен бедеу шығармын деп. Жездем ешкіммен сөйлеспе, жігітті жаныңа жолатпа деп қатаң тиым салып қойды. Не істерімді білмеймін", - дейді ару.

Сонымен бірге ол жездесінің оны қорқытып жүргенін де жасырмаған.

"Өлтірем деп қорқытып қойған. Соңғы уақытта не істесе де көніп жата беретін болдым. Басқа амалым да жоқ. Ешкімге сырымды айта алмаймын. Кейде өлгім келеді. Бірақ...менің де алда бақытты күндерім бар шығар.Кім білсін...", - деп әңгімесін аяқтаған бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730489-mektep-kezinen-bastap-zezdesimen-tsektes-bolgan-kyz-zan-syrymen-blisti/

pixel