RU
Қонақүйде зорлап кетті: Демалуға аттанатын туристер неден сақ болуы керек?
Жаңалықтар Әлемде

Қонақүйде зорлап кетті: Демалуға аттанатын туристер неден сақ болуы керек?

Рассказать Вконтакте

Шетелге қыдырып немесе іссапармен жалғыз барған қыз-келіншектер жиі зорлық-зомбылық құрбаны болып жатады екен. Бір қызығы, жантүршігерлік оқиғалардың көбісі бесжұлдызды, қымбат қонақүйлерде орын алған. Қиын жағдайды басынан өткерген бикештер қыдырамын деп, құрбан болмас үшін қажетті кеңестерімен бөлісті деп хабарлайды Life.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.Ru

Көрнекі фото: Life.Ru

Осыдан бір жыл бұрын саяхаттаушы-блогер Анна Карабаш та сұмдық оқиғаға тап болад. Ол Шығыс Африкадағы Сейшел аралындағы Six Senses бесжұлдызды қонақүйіне орналасқан. Сонда қонақүй тазалушысы Аннаны зорлап кетеді.

Осыдан кейін блогер оқиғасын әлемуеттік желілерде жазып, барлық БАҚ-ты шулатып, кінәлілердің жазалануы үшін барын салып жүр.

"Мен бөлмемде ұйықтап жатқанмын. Оянып кетсем, іш киімімді пышақпен кесіп тастапты. Қараңғыда ер адамның түрін көре алмадым. Тек пышағын ғана байқадым. Ол мені өлтіремін деп қорқытып, әбден зорлады", - дейді блогер.

Анна қылмыскерден қашып құтылуға қанша тырысқанымен, еш нәтиже болмайды. Содан кейін әйел қулыққа көшіп, оның әрекетін ұнатып жатқандай сыңай танытадыда біраз әңгімеге тартады.

Аннаның айласына түскен еркек оған өзінің алкогольдік ішімдікті көп ішкенін айтқан соң, әйел оған бас ауруынан айықтыратын дәрі беремін дейді. Алайда оның орнына ұйықтататын дәрі беріп, еркектің сілесін қатырады.

Әйел өзін зорлаған азаматтан қашып шығып, қонақүйдің әкімшілігіне барғанында, олар "Ләззат алдыңыз ба?" деп мазақ еткендей сұрақ қояды.

"Мен басымнан өткен оқиғаны әлеуметтік желіде жариялаған соң, маған қаншама қыз-келіншектер хабарласвып, өздерінің сондай жағдайда болғанын айтты. Олар Марокко, Кипр, Түркия мен басқа да туристік аймақтарда демалған қыздар екен", - дейді ол.

Сонымен, қонақүйде зорлық-зомбылық құрбаны болған қыздардың хатын назарға ұсынамыз.

Әкесінің жанында жатып зорланған қыз

"Мен 15 жасымда ата-анаммен бірге демалуға барғанмын. Әкем көрші бөлмеде жатты. Сонда мені зорлаған еркек аузымды жауып, тұншықтаырып, білгенін істеді. Алайда полиция бұл істі тексермек түгілі, арызымызды қабылдамай қойды", - дейді жәбірленуші.

"Ашыңыз, қонақүй қызметкері"

"2011 жылы Түркиядағы бесжұлдызды Pyramisa Blue Lagoon Resort қонақүйінде болғанмын.. Сонда қонақүй қызметкері есікті тоқылдатып, мені ұрып, зорлап кетті. Ол кеткен соң ауруханада бір-ақ ояндым",и - дейді 22 жастағы әйел.

2018 жылдың ақпан айында елді дүрліктірген тағы бір оқиға сегіз жасар қыздың оқиғасы болды. Ол мәнерлер сырғанау бойынша жарысқа келіп, қонақүйдегі бөлмеде жалғыз жатқан. Осыны пайдаланған 60 жастағы азамат кішкентай қызды зорлап кетеді.

Фото: Shutterstock.com

Фото: Shutterstock.com

Қауіптің алдын алу шаралары қандай?

  1. Қайғылы жағдай орын алмас үшін қонақүйді таңдағанда абай болу керек. Мәселен Түркия мен Тунисте жалғыз келген еркектерді қабылдамайтын қонақүйлер бар. Бұл әйелдер қауіпсіздігі үшін жасалады.
  2. Қонақүй туралы пікірлерді оқып, ғаламтордан ол туралы ақпараттарды шолып шығыңыз.
  3. Адам көп қоныстанатын, соншалықты қымбат болмаса да қаланың орталығындағы қонақүйді таңдаңыз. Кішкентай ғана, қала шетіндегі қонақүйлерде демалыс қауіпсіздігі азырақ едйді мамандар.
  4. Әдітте қонақүйдегі ьөлмелерді күндіз жинайды. Егер біреу түнгі уақытта есігіңізді ұрса, оған бірден есік ашудың қажеті жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel