RU
Түймебаев Шымкентті таңғажайып қалаға айналдырып жібермекші (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түймебаев Шымкентті таңғажайып қалаға айналдырып жібермекші (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентті адам танымастай өзгертуге бас қатырған ОҚО мен Шымкент әкімдері шаһарды жаяу аралап шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түймебаев Шымкентті таңғажайып қалаға айналдырып жібермекші (видео)

Фото: архивтен

Шымкент бұрынғыдан да көркейе түспекші. Қаланың жаңа келбеті бойынша жасалынған жобалар жүзеге асса, облыс орталығы адам танымастай кейіпке енгелі тұр.

Шымкентті жаңа кейіпке енгізетін жобаларды облыс пен Шымкент басшылары бір топ журналистерге таныстырды. Ордабасы алаңынан бастау алған пресс-турда шенеуніктер мен журналистер Қошқар ата өзенінің бойымен жүріп өтті.

ОҚО әкімі жол бойында өзен аумағының әрбір тұсы қалай өзгеретінін айтып, көпшілікке түсіндіріп өтті. Тіпті қол астындағы қызметкерлеріне тікелей тапсырмалар беріп шықты.

Айта кетерлігі, Қошқар ата өзен аумағының ені - 10 метр, ұзындығы - 1200 метр жер демалыс аймағына айналмақ.

Шаһардың «Ескі қалашық» аумағы да жаңа кешенмен толығатын болды. Ордабасы алаңы маңынан «Shymkent Plaza» орталығына дейінгі жобаларды тілшілерге жаяу аралап таныстырып шыққан қос әкім Шымкентте бұрын-соңды болмаған жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасына да тоқталып өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel