RU

Астанада аударылған батутты пышақпен кескілеп, балаларды іздеген (фото)

Астанада күні кеше сауда орталығында батуттың ұшып кеткеніне куә болған адам оқиғаның мәліметтерімен бөлісті. Өзінің Facebook әлеуметтік желісіне ол оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем мен құтқарушылар әрекеттері мен шарасыз аналардың жылағаны жайлы жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

"Жаннұр сауда орталығындағы батут аударылып қалды. Зардап шеккен балалар бар. Аналардың қатты жылағаны естілді. Оқиға орынан келіп жеткен жедел жәрдем батут астынан бес баланы шығарып ауруханаға алып кетті
Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC
Одан кейін полицейлер мен Төтенше жағдай қызметкерлері батутты толығымен тексеріп шықты. Басқа қалып қойған балалар бар ма екенін тексергісі келсе керек.
Олар батутты түгелімен пышақпен жыртып, асты-үстін толық қарап шықты. Жұмыстарын олар тиянақты әрі жылдам атқарды", - деп жазды Мұрат есімді елорда тұрғыны Facebook-тегі "Астана - Что? Где? Когда?" группасына.

Оқиғаны ер адам тұрғын үй терезесінен қарап тұрған. Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушыларға өтіп бара жатқан адамдар көмектесіп, балаларды іздеуге атсалысты.

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Мұрат есімді азаматтың желіге жүктеген суреттерінен батут ішінен тінтіп жатқанын аңғаруға болады. Оған дейін, тұрғындар батуттың желін шығарып салуға атсалысқан.

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Келесі суреттерде балаларды батут астынан шығарып алып жатқан құтқарушылар мен ата-аналар көрініс тапты.

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Артынан батутты айналдырып көпшілік оны орап тастауды жөн көрген.

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Фото: Facebook.com
Фото: Facebook.com: UGC

Айта кетейік, 4 мамыр күні Астанадағы Жаннұр сауда орталығында батутты қатты соққан жел ұшырып әкеткен. Батут ішінде ойнап жүрген балалар оның ішінен жерге құлап түсіп, бас сүйек жарақаттарын алды.

Зардап шеккен балалардың бірі коммаға түскен. Үш жасар қыз бас-сүйек ми жарақаттары кесірірнен өздігінен тыныс ала алмай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730510-astanada-audarylgan-batutty-pysakpen-keskilep-balalardy-izdegen-foto.html