RU
"Бұл - біз үшін сабақ": Балиева барлық аттракцион тексерілетінін мәлімдеді
Жаңалықтар Қоғам

"Бұл - біз үшін сабақ": Балиева барлық аттракцион тексерілетінін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Астанада батут аударылғаннан кейін Қазақстандағы барлық аттракциондар тексерілетін болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Зағипа Балиева. Фото: Rikatv.kz

Зағипа Балиева. Фото: Rikatv.kz

Балалар құқығы бойынша омбудсмен Зағипа Балиева Астананың әкімдігі мен ТЖД-ға барлық аттракциондарды тексеру қажеттігі туралы хат жолдағанын алға тартты.

Оның айтуынша, тексеріс бүкіл ел бойынша жүргізілетін болады.

"Бұл бәріміз үшін үлкен сабақ болды, әр елдімекеннің табиғи жағдайы да ескерілуі тиіс. Астанада жел жиі болады, сондықтан батутты орнатқанда, мұны ескеру қажет еді", - дейді ол.

Балиева бұл жағдайға бәрі жауапты екенін, тіпті жел тұрғанда баласын батутқа жіберіп қойған ата-аналар да жауапкершілікті ұмытпауы керектігін алға тартты.

Еске салсақ, 4 мамыр күні Астанада желдің салдарынан батут аударылған болатын. Нәтижесінде бес бала жарақат алып, олардың төртеуі жансақтау бөліміне түсті. Бір балақай әлі күнге дейін ес-түзсіз күйде жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір