RU
Танымал отандық әнші төрт балалы продюсермен кездесіп жүргенін мойындады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал отандық әнші төрт балалы продюсермен кездесіп жүргенін мойындады (фото)

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал отандық продюсер Ринат Гайсиннің Adema есімді әншімен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Есімін өзгертіп, "Dinaya" атауымен танылып жүрген бойжеткен бұл жайында "Если честно" бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ринат Гайсин. Фото: Instagram

Ринат Гайсин. Фото: Instagram

Бұл жайында әншінің өзі айтып берді.

"Біз танысқан сәттен бастап ол маған қолдау білдіре бастады. Әндерді тегін жазып берді. Сол сәтте маған қолдау керек болатын. Тіпті сезімімнің қашан пайда болғанын да білмеймін. Ол кісі үнемі менің қызығушылығымды тудыратын. Мен бұл сезімнің мәңгілік болғанын қалаймын", - деп ағынан жарылды Dinaya.

Айта кетейік, желі қолданушылары осыдан біраз уақыт бұрын өнер иелерін жұптастырып үлгерген болатын.

Алайда осы уақытқа дейін жұлдыздар бұл жайында жақ ашпай келген. Dinaya-ның бір ұлы бар. Ал Ринат Гайсиннің 4 баласы мен жары бар. Бұл жаңалықты естіген оқырмандары композитордың әйелінен әлі күнге ажыраспағанын айтып берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
37
3
10
4
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel