RU
Роза Рымбаеваның концертін ауыл балалары терезеден сығалап тұрып қараған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаеваның концертін ауыл балалары терезеден сығалап тұрып қараған

Рассказать Вконтакте

Қазақтың танымал әншісі Роза Рымбаева Ақтөбе облысының Қобда ауылында, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жерінде қайырымдылық концерт берді деп хабарлайды Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева концертіне 400 шақырым жерден келген оқушыларға риза болды

Роза Рымбаева концертіне 400 шақырым жерден келген оқушыларға риза болды

Батыр қыздың ауылындағы патриоттық орталықта әнші мектеп оқушыларымен кездесіп, аз-маз әңгімелесті. Қобда мәдениет үйіндегі қайырымдылық концертіне жиналғандар арасында мектеп жасындағы балалар аз болмады.

Роза Рымбаева залға сыймай, терезеден сығалап тұрған балаларды көріп, мәдениет үйінің басшылығына келесі концерттерді дұрыстап ұйымдастыру жөнінде ұсыныс айтты.

Әнші залда отырған кішкентай көрермендер арасынан сонау Әйтеке би ауданынан арнайы келген мектеп оқушыларына ерекше алғысын білдірді.

«Мені сонау 400 шақырым жерден арнай іздеп келген 20 кішкентай көрерменіме ерекше алғысымды білдіремін», — деді әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel