RU

Танымал болғысы келген азамат сәбиді 15-ші қабаттан лақтырып жібермек болған (фото)

Алжирлік азамат әлеуметтік желіде көп оқырман жинаймын деп, кішкентай сәдидің өмірін құрбан ете жаздады. Ол сәбиді 15-қабаттыңғ терезесінен шығарып, бір қолымен ғана киімінен ұстап тұрған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Баланың 45 метр биіктіктен қорқып, жерге қарап тұрған суреті Instagram желісінің youtube_krg парақшасында жарияланған. Онда берілген мәліметтерге сүйенсек, Алжир тұрғыны өзінің туысқан інісін суретке түсіріп, "1 000 адам маған лүпіл баспаса, сәбиді тастап жіберемін", - деп қорқытқан.

Суретті көрген желі қолданушылары полицияға хабар беріп, блогер сотталып кетті. Құқық қорғау органдары балаға қатыгез қарым-қатынас көресеткені үшін екі жылға сотталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730551-tanymal-bolgysy-kelgen-azamat-sbidi-15-si-kabattan-laktyryp-zibermek-bolgan-foto.html