RU
Томирис Байсафа ғашық болған дағыстандық жігіттің шенеунік әкесі туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Томирис Байсафа ғашық болған дағыстандық жігіттің шенеунік әкесі туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде университет терезесінен құлап қаза болған Томиристің ісінде Дағыстан үкіметі экс-басшысының 22 жастағы ұлы фигурант атанған. Осы орайда NUR.KZ порталы жас жігіттің әкесі туралы бірқатар ақпаратты назарға ұсынады.

Томирис. Фото instagram

Томирис. Фото instagram

22 жастағы Муртузали Меджидовтың әкесі - Дағыстан үкіметінің 56 жастағы экс-басшысы Мұхтар Меджидов.

Ол - белді бизнесмен әрі Ресей Инновациялық кеңесінің бұрынғы вице-президенті. Меджидов, сонымен қатар Дағыстанның банк қызметі жүйесінің негізін қалаушылардың бірі. Ол республика басшысының кеңесшісі әрі депутаты атанған.

Мұхтар Меджидовтың алты баласы бар.

Меджидов Дағыстан өнеркәсібінің құрметті қызметкері атағын иеленген. КСРО ҰҚК І және ІІ деңгейлі Шекаралық әскерінің үздігі атанып, "Ресей инженерлік білімінің дамуына қосқан үлесі үшін" медаль алған.

Оның ағасы - беделді мемлекеттік қызметкер.

Еске салсақ, бұған дейін Томирис Байсафаның анасы қызының екі жыл бойы Мұхтар Меджидовтың ұлымен көңіл жарастырғанын айтқан болатын. Мұны Муртузалидің әкесі де растады.

Жақында бойжеткен Мәскеу университетінің терезесінен құлап, кейін тіл тартпай кетеді. Бойжеткеннің қазасына қатысты істе Муртузали фигурант атанған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
9
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel