RU
Италияда миллионер мысықтың өміріне көпшілік қызығуда
Жаңалықтар Әлемде

Италияда миллионер мысықтың өміріне көпшілік қызығуда

Рассказать Вконтакте

88 жасында қайтыс болған италиялық азаматша өзінің бар мүлкін Пилу есімді мысығына табыстап кеткен. Анна өмір бойы жиып-терген бір жарым миллион еуроны бірнеше жыл бұрын көшеден тауып алған мысығына мұрагерлікке қалдырды деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: blogspot.com

Фото: blogspot.com

Италияда 88 жастағы әйел қайтыс болар алдында бір жарым еуро көлеміндегі қаржысын өзінің Пилу есімді мысығына заңды түрде табыстап кетті.Иесі көшеден бірнеше жыл бұрын тауып алған мысығын ойламаған жерден миллионер жасаған.

Енді Пилуға мұрагерлікке қалған қаражат италиялық салымшылар қоры тарапынан басқарылып отырады.

Анна қалдырып кеткен өсиет хатқа байланысты, мұрагерлік сомма мысық ветеринарының қызметі мен оны жайлы қоныспен түрлі қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге бағытталу керек.

Бүгінгі күні Пилу Миландағы иесіз қалған жануарлар мекемесінде тұрып жатыр. Ол жерде мысыққа жаңа ие іздестіріліп жатыр. Алайда ол Пилудың мұраға алған қаржысын қолдануға қауқарсыз болмақ.

Анна мұрагерлікке қалдырған сомма мысық өлімінен кейін жаунарларды қорғау комитетінің қорына өтеді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір