RU

Байзақова "Меломен" тобының жігіттерін сабайтын адамға 1000 доллар бермекші

Күні кеше жезөкшелерді сабаған рэперге қолдау білдіріп, қамшымен қоса жылқы беруге әзір екенін айтқан "Меломен" тобының өзі таяққа жығылуы мүмкін. Атышулы Байзақова олардың өзін сабайтын адам іздеп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақова. Фото: sn.kz
Байзақова. Фото: sn.kz: UGC

Бойжеткен топ құрамындағы үш жігітті сабап, оны видеоға түсірген адамға 300 мың теңге сыйақы беруге ниетті екенін білдірді.

Үш жігіттен құралған "Меломен" тобы: "Жезөкшелер мен Байзақова сияқты ақымақтарды сабайтын болсаң, біз саған қамшымен бірге қосып мына атты сыйлаймыз. Атқа мін де, қолына қамшыңды алып, Алматыны арсыздардан тазала! Жолда "Ninety one"-ды да сабауды ұмытпа", - деп жазған болатын.

Айта кетейік, бұл қоғам арасында қызу талқыға түсіп, елдің ашуына тиді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730572-bajzakova-melomen-tobyny-zigitterin-sabajtyn-adamga-1000-dollar-bermeksi.html