RU

Үш тонналық көлікті сүйреп кеткен бес жасар қырғыз баласына әлем таңдай қақты

Қырғызстанда бес жасар балақай салмағы үш тоннаны құрайтын алып көлікті 34 метр бойы сүйреді. Алып күштің кішкентай иесі бұл әрекетімен әлемдік рекордты жаңартқан деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube.com
Фото: youtube.com: UGC

"Нұрқырғыз" лақап атты бес жасар бала өзінен анағұрлым ауыр көлікті сүйреуге қауқарлы болды. Талайдың қолынан келмес істі жасау үшін ол алты ай бойы дайындалған.

Нәтижесінде ойлағаны іске асып, "Нұрқырғыз" әлемдік рекордты жаңартып тарихта қалды.

Алып көлікті сүйреп кеткен балақайдың оқиға орнынан түсірілген видеосы желіге тарап, әлем жұртын таңғалдырды. Желі қолданушылары кішкентай бала күшіне тәнті болып, өз көздеріне өздері сене алмағанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730580-s-tonnalyk-klikti-sjrep-ketken-bes-zasar-kyrgyz-balasyna-lem-tadaj-kakty.html