RU

Ғалымдар фастфудтың семіздікке апаратынын жоққа шығарды

Копенгаген университетінің ғалымдары тышқандарға жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде, организмде висфатин гормоны жоқ болған жағдайда артық май жиналмайтыны дәлелденді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: aryzauq.tv
Фото: aryzauq.tv: UGC

Ғалымдар тышқандардағы тиісті гормонды алып тастап, оларды басқа өздері тектес кемірушілермен салыстырған.

Зерттеу барысында гормоны жоқ тышқандардың салмағы көбеймесе, қарапайым кемірушілер керісінше қатты толып кетті.

Оған қоса зерттеуге қатысқан тышқандардың қан құрамындағы глюкоза мөлшері жақсарған.

Ғалымдардың айтуынша, дәл осындай әдісті адамдарға да қолдануға болады. Алайда алдымен бұл тұрғыда да түпкілікті зерттеу қажет. Өйткені дәл қазір висфатин гормонын алып тастау адам денсаулығы үшін үлкен зардап әкелмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730596-galymdar-fastfudty-semizdikke-aparatynyn-zokka-sygardy.html