RU
Қандай тамақтар бала көтеруге кедергі болады?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қандай тамақтар бала көтеруге кедергі болады?

Рассказать Вконтакте

Фастфуд пен майлы тамақты көп жейтін әйелдердің өзгелермен салыстырғанда бедеулікке шалдығуы екі есе жиі кездеседі. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Harald_Landsrath

Көрнекі фото: Harald_Landsrath

"Біздің зерттеу көрсеткендей, фастфудтың құрамындағы заттар аналық ұрыққа еніп, оның жұмысын өзгерте алатындықтан, әйелдер бедеулікке шалдығуы мүмкін. Осыған қоса майлар, қант пен тұз метаболизмге әсер етіп, жыныс мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді", — деп мәлім етті Австралиядағы Аделаида университетінің ғалымы Клэр Робертс.

Дәрігерлер "бедеулік індетінің" таралуына қазіргі заманғы феномен — фастфуд мәдениетінің де ықпал етуі мүмкін екенін айтып отыр. Сәбилі болуды жоспарлап жүрген 6 мың әйелдің денсаулығына жүргізген бақылаудың нәтижесі бойынша осындай қорытындыға келген.

Осы жобаның аясында ғалымдар тұрақты түрде болашақ аналардың қаны мен басқа да денедегі сұйықтықтардың сынамасын алып, олардың денсаулығын бақылап, жеген тамағы мен өмірлік әдет-дағдыларын зерттеп отырған. Ал әйелдердің бойына бала біткеннен кейін Робертс бастаған мамандар зерттеу нәтижелерін салыстырып, бедеуліктің дамуына қандай факторлар көбірек ықпал еткенін анықтамақ болады.

Белгілі болғандай, бала көтеруге жеміс-жидек пен фастфуд елеулі әсер етеді екен. Мәселен, күнде жеміс-жидек жеген әйелдер тек 4 пайыз жағдайда ғана бедеу болса, жеміс-жидекке әуес емес қыздар арасында бұл көрсеткіш 12 пайызға жетіпті. Бұл әйелдерге табиғи немесе жасанды жолмен құрсақ көтеруге бір жылдан астам уақыт керек болған.

Ал фастфуд бедеулікке шалдығу мүмкіндігін екі есе дерлік арттырған. Мұндай тамақтан мүлдем бас тартқан әйелдер аз уақытта жүкті болған. Бір қызығы, не пайдалы ас, не зиянды әдеттер жеміс-жидек пен майлы тамақ секілді ағзаға әсер етпейтіні анықталды. Мұның себебін дәрігерлер әзірге нақты білмейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір