RU
Қасиетті Рамазан айындағы ең құнды екі уақыт қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Қасиетті Рамазан айындағы ең құнды екі уақыт қандай?

Рассказать Вконтакте

Рамазан айында ерекше құндылыққа ие екі уақыт бар. Ол кезде кез келген пенде дұғасын жасап, арман-тілегін сұрай алады деп хабарлайды muftyat.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Oxu.az

Көрнекі фото: Oxu.az

Әз елші, екі жиһан сардары, ардақты пайғамбарымыздан қандай дұғаның қабыл болатыны жайлы сұрағанда:

"Түннің соңғы бөлігіндегі дұға",- деп жауап берген болатын.

Бұл уақыт – таң намазы кіргенге дейінгі уақыт. Не себептен бұл уақыт өте құнды болып саналады? Себебі, Алла Тағала әр түні дүние аспанына түсіп, Өзінен сұраушыларға қалағанын береді.

"Әр кеште түннің әуелгі үштен бірі өткенде дүние аспанына түсіп: "Мен Патшамын, Мен Патшамын, Маған дұға етуші бар ма, оны қабыл етейін; Менен сұраушы бар ма, оған берейін; Менен кешірім сұраушы бар ма, оны кешірейін", – дейді. Бұл таң атқанша жалғасады", - деп жазады басылым.

Бұл өте ғажайып әрі ерекше уақытты бос өткізіп алмауға тырысу қажет. Өзге уақытты есепке алмағанда, Рамазан айында бұл құнды уақытты бос жіберіп алуға болмайды. Рамазан айында бұл уақыт әдеттегіден әлдеқайда маңызды әрі қастерлі болуы тиіс.

Ықыласпен дұға тілеуге ынталандыратын тағы бір уақыт бар. Құранда Алла Тағала өзінің тақуа құлдарын мақтап, олардың жәннатта мәңгі болатындары жайлы баяндайды. Ол адамдардың ерекшелігі сол, олар таң атар алдында және күн батқан уақытта Алла Тағаладан кешірім тілейді деп баяндалған.

Ол уақыт – ақшам намазының алдындағы уақыт. Қарның ашып, шөлдеп, әлсіреп тұрған кезде кез келген адам өзінің әлсіз пенде екенін түсінеді, Алла нығмет бермесе халінің мүшкіл болатынын мойындаған күйге енеді. Дәл осы уақытта ықылас пен ниет шынайы болады екен, ал шынайы ықыласпен жасалған дұға қабыл болатыны рас.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
2
35
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel