RU

Дэниел Джейкобс: Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін

WBA тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) Геннадий Головкинді реваншта сұлататынына сенімді екенін айтты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин
Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин: UGC

Жақында ғана польшалық Мацей Сулецкийді (26-1 10 КО) жеңген Дэниел Джейкобс Головкинмен реванш болса, жеңетініне сенімді екенін айтты.

"Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін. GGG-дан жеңілгеннен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Меніңше, мен Головкинді жеңдім. Мені көбісі 6 раундтан аспай, нокаутқа түседі деп ойлады. Алайда мен өз үстемдігімді көрсеттім", – деді Дэниел.

Айта кетейік, Дэниел Джейкобс отандасымыз Геннадий Головкинге қарсы 2017 жылдың 18 наурызында жекпе-жек өткізген. Нью-Йорктағы «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен жекпе-жекте 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730607-deniel-dzejkobs-golovkindi-karymta-kezdesude-slatatynyma-senimdimin.html