RU
Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығына барды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығына барды (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жаңа "Эйс" атты теннис орталығында болып қайтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Ақордаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығында болып қайтты. Фото: akorda.kz

Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығында болып қайтты. Фото: akorda.kz

Президент Қазақстанда теннисті дамыту үшін он жыл ішінде барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Корттар саны төрт есе өсіп, 60-тан 244-ке жетті, сондай-ақ тенниспен айналысатын спортшылар саны жыл сайын артуда.

Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығында болып қайтты. Фото: akorda.kz

Назарбаев "Эйс" атты жаңа теннис орталығында болып қайтты. Фото: akorda.kz

"Теннис спорты тиісті инфрақұрылым болғанда ғана дамиды. Әр өңірде балалар спортпен шұғылданып, биіктерді бағындыруы үшін әлемдік стандартқа сай теннис орталықтары салынуға тиіс. Осы теннис орталығында жаттығатын спортшылар әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға айналады деп үміттенемін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жалпы көлемі 8100 шаршы метр болатын «Эйс» теннис орталығы жеке инвесторлардың қаржысына салынды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір