RU

Қостанай облысының тұрғыны адамдарға оқ жаудырды

Қостанай облысы Комаровка ауылының тұрғыны екі адамға оқ жарақатын салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқ ату. Фото: Privet-Rostov.ru
Оқ ату. Фото: Privet-Rostov.ru: UGC

Сыртта ішімдік ішіп отырған екі азамат сөзге келіп қалады. Олардың бірі қоймадан тіркеуге алынбаған аңшылық қаруды алып, танысына қарудың сабымен соққы жасайды.

Танысы құлап қалғанына қарамастан, ұруын жалғастырған азамат абайсызда оқ атып жібереді. Оқ зардап шегушінің оң жақ жамбасына тиген.

Мұны көрген зардап шегушінің туысы оқ жаудырған азаматқа тап береді. Сол сәтте танысының туысына оқ атқан ер адам оны да жарақаттаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730613-kostanaj-oblysyny-trgyny-adamdarga-ok-zaudyrdy.html