RU
"7-20-25": 12 миллионның баспанасын алу үшін қандай жалақың болуы тиіс?
Жаңалықтар Қоғам

"7-20-25": 12 миллионның баспанасын алу үшін қандай жалақың болуы тиіс?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасымен ипотека алу үшін басыңызда баспана болмауы керек. Ұлттық банк төрағасы аталмыш бағдарламамен қалай пәтер алу керектігін түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Ипотека. Фото: Kn.kz

Ипотека. Фото: Kn.kz

Данияр Ақышев үй алғысы келетіндердің жоғары жалақысы болуы керектігін алға тартты. Үйлі болуы үшін адамдар төрт шартты орындауы тиіс екен.

Біріншіден, азаматтардың басында басқа баспанасы болмауы керек. Сонымен қатар ипотеканы тоқтатпай төлеу үшін тұрақты жұмысы, жоғары жалақысы болуы да шарт. Егер осы талаптар орындалмаса тұрғындар "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмайды.

Мәселен, құны 12 миллион теңге тұратын пәтерді сатып алғыңыз келсе, алдымен үй бағасының 20 пайызы, яғни 2 миллион 400 мың теңгені төлейсіз.

Қалған 9 миллион 600 мың теңгені банк жеті пайызбен 25 жылға несиеге береді. Сонда ай сайынғы төлеміңіз 68 мың теңгенің төңірегінде болмақ. Яғни, жалақыңыз шамамен 130 мың теңге болуы тиіс.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
91
9
24
13
2
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel