RU

Аспандағы түсініксіз құбылыс көпшіліктің зәре-құтын ұшырды (фото)

Ресейдің Набережные Челны атты қаласында тұрғындар аспанда болған белгісіз құбылысты қызу талқыға алуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы VistaNews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аспандағы түсініксіз құбылыс. Фото: vistanews.ru
Аспандағы түсініксіз құбылыс. Фото: vistanews.ru: UGC

Желі қолданушылары бұл жайттың фотоларын жарыса жариялауда. Онда аспанға ерекше пішіндегі бұлт үйірілгені байқалады.

Аспандағы түсініксіз құбылыс. Фото: vistanews.ru
Аспандағы түсініксіз құбылыс. Фото: vistanews.ru: UGC

Көпшілік оны белгісіз ұшатын нысанға ұқсатқан. Тұрғындардың бірі бұл құбылысты жатпланеталықтардың белгісі деп ойласа, енді бірі мұны өнеркәсіп қалдықтарынан туындаған жағдай деп түсінген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730617-aspandagy-tsiniksiz-kbylys-kpsilikti-zre-ktyn-syrdy-foto.html