RU

Головкин мен Мартиросян кездесуінің басталуына санаулы минуттар қалды

Әлем асыға күткен Геннадий Головкиннің 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегінің басталуына санаулы уақыттар қалды. Бұл кездесуді қазақстандықтар "Qazaqstan" және "Qazsport" арналарынан тамашалай алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Головкин мен Мартиросян. Фото: boxingscene.com
Головкин мен Мартиросян. Фото: boxingscene.com: UGC

Жекпе-жекті сағат 07:00-ге жоспарлағанымен, қазіргі уақытта оның 08:00-ге ауысқаны белгілі болды.

Головкин бұл кездесуде өзінің WBA Super, WBC және IBO белдіктерін қорғайтын болады.

Айта кетейік, жерлесіміз Сауль Альвареспен жұдырықтасу керек болатын. Алайда Головкиннің қарсыласы допингпен ұсталып, спорттан шеттетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730627-golovkin-men-martirosan-kezdesuini-bastaluyna-sanauly-minuttar-kaldy.html