RU
Исекешев Астанадағы батут оқиғасына кінәлілерді жазалауға уәде берді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Исекешев Астанадағы батут оқиғасына кінәлілерді жазалауға уәде берді

Рассказать Вконтакте

Астана әкімі Әсет Исекешов осыдан бірнеше күн бұрын елордада батуттан құлап, жарақат алған балалардың жағдайын сұрап қайтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Исекешев. Фото: NewTimes.kz

Исекешев. Фото: NewTimes.kz

Бұл жайында елорда әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Балалардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында Әсет Исекешев қала билігі, ІІД мен ТЖД-нің оқиғаны өз бақылауына алғандығын алға тартты. Ол сондай-ақ, кінәлілердің жазаға тартылатындығын да айтты.

Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша жарақат алған балақайларды үздік мамандар мен "Ана мен бала" ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері қарауда.

Естеріңізде болса, оқыс оқиға кеше, 4 мамырда сауда үйі маңында болды. Үстінде балалар ойнап жатқан батут желмен ұшып кеткен болатын. 5 бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген еді. Күні кеше 3 жасар бір баланың жарақат салдарынан комаға түсіп қалғанын мәлімдеген болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel