RU

Геннадий Головкин орта салмақтағы атақты боксшы Хопкинстің рекордын қайталады

Геннадий Головкин Калифорния штатының Карсон қаласындағы "StubHub Center" аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Ванес Мартиросянды нокаутпен жеңіп, Бернард Хопкинстің рекордын қайталады деп хабарлайды NUR.KZ.

Геннадий Головкин. Фото: Вконтакте
Геннадий Головкин. Фото: Вконтакте: UGC

Хопкинс секілді GGG да WBA белдігін қатарынан 20 рет қорғаған.

Жеңістен кейін сөз алған Головкин: "Бірінші раундта мен қарсыласымның ісін бақыладым. Ал екіншісі таза еңбек болды. Маған қолдау білдірген достарыма, қазақстандықтарға алғыс білдіремін", - деді.

Ал Канелоға "Қолыңнан келсе, белдігімді ал", - деп үндеу тастады.

Айта кетейік, санаулы уақыттар бұрын Головкин 38 жеңісіне қол жеткізген болатын. Жерлесіміздің күзде Канеломен жекпе-жегі қайта өтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730644-gennadij-golovkin-orta-salmaktagy-atakty-bokssy-hopkinsti-rekordyn-kajtalady.html