RU
Досымжан Таңатаров түнде жолда қалып кеткен жолаушыны өз үйінде қонақ етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Досымжан Таңатаров түнде жолда қалып кеткен жолаушыны өз үйінде қонақ етті

Рассказать Вконтакте

Түнде Алматы-Шымкент тасжолында қалып кеткен шымкенттік жігітті Досымжан Таңатаровтың өзі құдайы қонақ етті. Көмекке зәру болған жас жігітті белгілі әнші қара шаңырығанда күтіп, өз қолымен шай құйып берген. Көлігі бұзылып далада қалып қойған жас жігіттің NUR.KZ порталының тілшісіне сұхбат беріп, Таңаторовтың қонақжайлығы жөнінде толығырақ айтып берді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алматы қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған Айдос Игіліковтың көлігі түн жарымында бұзылып жолда қалып кеткен. Шарасыз күйге түскен жігіт екі сағаттай жолда тұрды. Көлік жүргізушілерден көмек сұрағанымен ешкім көмек қолын соза қоймаған.

Жолдағы асханаға тамақтануға кірген Айдос сол маңда Досымжан Таңаторовты байқап, басына түскен жағдайды айтып берді. Әнші көмекке зәру болған жас жігітті құдайы қонақ етіп үйіне шақырған.

"Алматыдан шығып 200 шақырым жол жүріп өткенде көлігім бұзылып қалды. Қаншама жолаушы болды. Бірақ ешкім көмектесе қойған жоқ. Сол маңдағы асханадан Досымжан Таңаторовты байқап қалып жағдайымды айтып бердім. Әнші ағам бірден қонаққа шақырып,көлігіне отырғызып Луговой жақтағы үйіне алып барды. Қара шаңыраққа апарып, жататын жерімді де дайындап берді. Ертесіне азанда дастархан жайып, өз қолымен шәй берді. Таразға дейін өзі шығарып салды. Туыстық немесе бауырлық қатысым жоқ. Соған қарамастан үйіне қонақ етіп, бауырына тартты. Алғысым шексіз"-деп айтты отандық әнші үйінде қонақтаған Айдос Игіліков.

Осылайша әншімен кездейсоқ танысқан шымкенттік жігіт жолда қалып кеткеніне еш өкінбесе керек. Осы оқиғадан бауырмал, қайырымды болудың қажет екенін түсініп, біраз нәрселердә ойына түйген. Ең бастысы бұл жағдай әнші Досымжан Таңатортың құдайы қонақты ерекше сыйлайтынын көрсетіп берді дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
2
1
0
77
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel