RU
Эль-классико: "Реал" мен"Барселона" әлем асыға күткен матчта тең түсті
Жаңалықтар Әлемде

Эль-классико: "Реал" мен"Барселона" әлем асыға күткен матчта тең түсті

Рассказать Вконтакте

Испания чемпионатының 36-шы турында орын алған "эль-классико" ойынында жеңімпаз команда анықталған жоқ. Футбол жанкүйерлері асыға күткен "Барселона" мен мадридтік "Реал" арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталған деп хабарлайды NUR.KZ

Фото: laliga.com

Фото: laliga.com

Футбол әлемінің ең үздік екі отандас команда арасындағы ойын әркез үлкен келіспеушіліктер мен тартысты күреске толы болып өтеді. Бұл жолы да ол дәстүр өз орнында қалған.

Барселонада өткен "эль-классикода" есепті алғаш болып ойынның оныншы минутында Луис Суарес ашқан болатын.

Фото: laliga.com

Фото: laliga.com

Мадридтік "Реал" барселоналықтардың қуаныштарын ұзаққа создырмады. Араға төрт минут салып, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду бағыттаған соққысы қарсылас қақпасын дәл тиген.

Фото: laliga.com

Фото: laliga.com

Бірінші тайм соңында Марселоға қарсы әрекеті үшін "Барселона" сапындағы Серджи Роберто қызыл қағаз алып, алаң сыртына қуылды. Мадридтік клуб сапынан екінші таймға гол авторы Роналду алып қалған жарақатына байланысты шықпай қалды. Оны алаңда Марко Асенсио алмастырған.

Фото: laliga.com

Фото: laliga.com

Он ойыншы болып қалған барселоналықтар "Реал Мадридке" осалдығын көрсете қойған жоқ. Ойынның 52-ші минутында аргентиналық жұлдыз Лионель Месси есепті өз пайдасына ұзартты.

Талай келіспеушіліктер мен төреші қателіктеріне толы болған матч соңына дейін тартысты түрде өткен. Ойын нәтижесін өз үлесіне орай қалдырмақ болған "Барселонаны" мадридтік команда сапындағы Гарет Бэйл жазалады. Оның 72-ші минутта соққан голы есепті теңестірген.

Фото: laliga.com

Фото: laliga.com

Бұл гол валлиялық футболшының "Барселонаға" Испания чемпионатында соққан алғашқы добы болды.

Испания чемпионатын барселоналық команда ұтып қойғанымен, "эль-классико" екі клуб үшін де маңыздылығы ерекше. Үзақ жылдар бойы жауласып келе жатқан испандық командалар бұл жолы тең түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel