RU
Үйлену тойына тікұшақпен келген қалыңдықтың басы бәлеге қалды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Үйлену тойына тікұшақпен келген қалыңдықтың басы бәлеге қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бразилиядағы Сан-Паулу штатында келеңсіз оқиға орын алды. Үйлену тойына қалыңдықты алып келген әуе кемесі қона бергенде апатты болып, өртке оранған. Жас бойжеткен адам таңданарлық жағдайда аман қалды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.com

Фото: dailymail.com

Той алдында орын алған оқиға салтанатқа келген қонақтарды әбігерге салды. Қалыңдық өз тойына ерекшеленіп тікұшақпен ұшып келуді арман еткен. Алайда ойлағаны іске аспай әуе кемесі өртке оранып, тіпті неке қиюдың өзі болмай қала жаздады.

Бойжеткеннен басқа ұшақ ішінде тағы үш адам болды. Абырой болғанда барлығы тікұшақ сынықтары астынан дін-аман қалды.

Оқиға орнына бірден жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндіру мамандары келіп жетті. Алайда бұл қауіпті оқиға үйлену тойға кедергі болмады.

Ғашықтар ештенеге қарамастан той-думанды өткізуге бел буған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
3
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel