RU
Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанда Отан қорғаушы күні атап өтіледі. Президент жарлығымен құрылған Қарулы күштерге биыл 26 жыл толып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: baq.kz

Фото: baq.kz

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және ТМД мемлекеттері арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты.

Бұл жарлық бойынша Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.

Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қарулы күштерді басқаруды президент өз мойнына алды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан "7 мамыр — Отан қорғаушылар күні" деп жарияланды.

2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Дәстүр бойынша мейрам қарсаңында президент әскери атақтар мен жоғары шендер беру туралы жарлық шығарып, ерен еңбегімен ерекшеленген үздіктерді марапаттайды.

Биыл Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіске арналған әскери шеру Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасында өтеді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір