RU

Президенттің телерадио кешені Қазақстан әскерінің қуаттылығын көрсетті (видео)

Қазақстан президентінің телерадио кешені Отан қорғаушылар күніне орай арнайы бейнежазба жариялады. Мерекелік видеода қазақстандық әскер қуаттылығы көрініс тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Арнайы бейнежазба телерадио кешеннің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Президент телерадио кешені қазақстандық ер азаматтарды мейраммен құттықтап, ізгі тілек білдірді.

Видеода қазақстандық әскердің күш-қуаты барынша көрсетілді. Әуе қорғанысы мен әскери-теңіз күштері және құрлықтағы әскердің қуаттылығы бейнежазба тақырыбын молынан ашты. Оған қоса видео өткен жылдарда болған мерекелік әскери шерулермен толықтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730727-prezidentti-teleradio-keseni-kazakstan-skerini-kuattylygyn-krsetti-video.html