RU
Алматыда күйзеліске ұшыраған бойжеткен пойыз астына секіріп кетпек болған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда күйзеліске ұшыраған бойжеткен пойыз астына секіріп кетпек болған

Рассказать Вконтакте

Қала тұрғыны қатты күйзеліс кесірінен пойыз астына секіріп, өмірмен қош айтыспақшы болды. Абырой болғанда өтіп бара жатқан адамдар бойжеткенді үлкен қателіктен аман алып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Оқиға куәгері түсірген видео Instagram желісіндегі krispi_p_almaty парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан бойжеткеннің аса ауыр жағдайда екенін бірден аңғаруға болады. Оған психологиялық көмек аздық етпес.

Белгілі болғандай, оқиға кеше Сүйінбай көшесінде орын алды. Пойыз астына секіруге бел буған қызды өтіп бара жатқан қала тұрғындары құтқарып қалды.

"Мен оны Сүйінбай көшесімен келе жатқанда көрдім. Ол теміржол бойында жылап келе жатты", - деп айтты оқиға куәгері.

Өмірмен қош айтыспақ болған қызды байқап қалған қызметкерлер пойызды жедел тоқтатқан.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
4
4
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір