RU
Қайрат Нұртас аяғын басып кеткен ұлын балағаттап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас аяғын басып кеткен ұлын балағаттап тастады

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші демалып жатқанында аяғын басып кеткен баласын балағаттаймын деп ұятқа қалды. Абайсызда істеген әрекеті үшін ол Нарұлға боғауыз сөздер айтып жіберген. Жұлдызды отбасының демалысы кезіндегі сәтке әлеуметтік желідегі тікелей эфир кесірінен дүйім жүрт куә болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com

Фото: instagram.com

Қайрат Нұртас кемеде демалып жатқан кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Әнші аяғын абайсызда басып кеткен ұлына боғауыз сөз айтып ашуланған.

Оқиға әншінің інісі Заңғар Instargam желісінде тікелей эфир жүргізіп отырғанда орын алған.

Әкесінің боғауыз сөздеріне Нарұлдың қайтарған жауабы желі қолданушыларын тәнті еткен. Балақай жұлдызды әкесіне "боқтама әке, жаман сөз айтуға болмайды" деп айтты.

Бұл оқиға оқырмандар арасында қызу талқыға ұласты. Бірі әншінің қылығын сынға алып жатса, басқалары Нарұлдың тәрбиелігіне сүйсінді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
60
9
11
4
4
35
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір