Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар бедеулікті арттыра түсетін тамақ түрін анықтады

Опубликовано:

Австралияның бірқатар үздік ғалымдары бала көтеруге кедергі келтіретін тағамдарды табу мақсатында күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мамандар фастфуд пен майлы тамақтар бедеулікке шалдығу қаупін өрбіте түседі деген тұжырымға келген деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mama.ua
Фото: mama.ua: UGC

Ғалымдар зерттеуінің қорытындысы Human Reproduction журналының беттерінде жарияланған.

"Зерттеу барысында фастфудтың құрамындағы заттар аналық ұрыққа ене отырып оның қызметін өзгертуге қауқарлы болғандықтан, әйелдер қауымының бедеулікке шалдығуы әбден мүмкін. Оған қоса май қант және тұз метаболизмге әсер етіп, жыныс мүшелерінің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді", — деп мәлімдеді Аделаида университетінің ғалымы Клэр Робертс.

Мамандардың айтуынша, "бедеулік індетінің" таралуына кең қанат жайған фастфуд тағамдарының ықпалы елеулі. Ана болуды арман етіп жүрген 6 мың әйелдің денсаулығына жүргізілген бақылау нәтижесінде фастфуд пен майлы тағамдардың бала көтеруге кедергі екені дәлелденген.

Зерттеу барысында ғалымдар тұрақты түрде болашақ аналардың қаны мен басқа да денедегі сұйықтықтардың сынамасын алып, олардың денсаулығын бақылауда ұстаған. Олардың жеген тамағы мен өмірлік әдет-дағдыларын да зерттеп отырды.

Ал әйелдер бала көтергенннен кейін мамандар зерттеу нәтижелерін салыстырып, бедеуліктің дамуына қандай факторлар көбірек ықпал еткенін анықтамақ болды.

Фото: mama.ua
Фото: mama.ua: UGC

Белгілі болғандай, бала көтеруге жеміс-жидек пен фастфуд елеулі әсер етеді екен. Мәселен, күнде жеміс-жидек жеген әйелдер тек 4 пайыз жағдайда ғана бедеу болса, жеміс-жидекке әуес емес қыздар арасында бұл көрсеткіш 12 пайызға жетіпті. Бұл әйелдерге табиғи немесе жасанды жолмен құрсақ көтеруге бір жылдан астам уақыт керек болған.

Фото: mama.ua
Фото: mama.ua: UGC

Ал фастфуд бедеулікке шалдығу мүмкіндігін екі есе дерлік арттырған. Мұндай тамақтан мүлдем бас тартқан әйелдер аз уақытта жүкті болған.

Фото: mama.ua
Фото: mama.ua: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1730735-galymdar-bedeulikti-arttyra-tsetin-tamak-trin-anyktady/

pixel