RU
Аспирин ер адамдар үшін қауіпті екенін білеміз бе?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Аспирин ер адамдар үшін қауіпті екенін білеміз бе?

Рассказать Вконтакте

Әлемдік ғалымдар жүргізген зерттеуге сәйкес аспириннің ерлер үшін қауіпті екені анықталды. Бұл дәріні күнделікті қабылдаған ер адамдарда меланома ісігінің шығу қаупі екі есе ұлғайып кеткен деп хабарлайды НТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ntv.ru

Фото: ntv.ru

Ғалымдар зерттеу жұмыстарына 18 бен 89 жас аралығындағы екі жүз мыңға жуық ер адамды қатыстырған. Олардың барлығында бұрын соңды меланома қатерлі ісігі болмады.

Ер адамдар ішінен аспиринді күнделікті ішкендер бір топқа іріктеп алынып, оларды аспиринді аса қабылдамайтын азаматтармен салыстырған.

Нәтижесінде аспиринді күнде қабылдайтын ер адамдардың меланомаға шалдығу қаупі 1,83 есе көп болып шықты. Ал дәріні аса көп ішпейтін ер жігіттер қатерлі ісік дертімен мүлдем ауырмайтыны дәлелденді.

Алайда, әйелдерде мұндай тәуелділік байқалмаған. Ғалымдар оны ерлер организмі аз бөліп шығаратын супероксиддисмутаз бен каталаз сынды қорғаныш ферменттерінің салдарынан деп болжайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
3
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel