RU
Қытайда 118 баланы асырап алған әйел тұтқынға алынды
Жаңалықтар Әлемде

Қытайда 118 баланы асырап алған әйел тұтқынға алынды

Рассказать Вконтакте

Қытай тәртіп сақшылары 118 баланы асырап алған азаматшаны темір торға тоғытты. Көпбалалы ана қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті ретінде айыпталып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ли Лицзюань есімді қытайлық азаматша бала асырап алу мәселесімен 22 жыл бұрын айналыса бастаған. Тіпті 11 жыл өткен соң жекеменшік балалар үйін құруды мақсат етті.

Алайда Ли қайырымдылық шараларын өз пайдасына орай жасай басатған көрінеді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалар үйінің басшысы асыранды балалары арқылы лауазымды шенеуіктерді қорқытып, бопсалау істерімен айналысқаны үшін күдікті ретінде қарастырылып отыр.

Ли Лицзаюнь балалар үйі жабылып, онда тіркелген 74 бала мемлекет бақылауына өтті.

Оған қоса, балалардың кейбірінің тіпті туған ата-аналары бар болып шыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
3
9
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel